Теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мериде (Мексика) өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді. Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4.

Ширек финалға шығу үшін Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.