Александр Бублик Майамидегі турнирдің екінші айналымына өтті

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Александр Бублик Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан рейтингтік турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде аргентиналық Себастьян Баэспен кездесті. Александр Бублик матч барысында 8 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Нәтижесінде 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Александр Бублик келесі кезеңде америкалық Томми Полмен өзара мықтыны анықтайды.