Майами турнирі: Рыбакина екінші айналымда америкалық Крюгерге жол берді

Гүлнұр Қуанышбекқызы

Қазақстанның үздік теннисшілері Майамиде (АҚШ) өтетін беделді турнирдің бірінші айналымында жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

Турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина әлемдік рейтиңде 40-орында тұрған америкалық Эшлин Крюгерге жол берді.

Үш сетке созылған кездесу АҚШ спортшысының пайдасына аяқталды – 6:4, 2:6, 6:4. Кездесу алдында фаворит саналғанына қарамастан, Рыбакина өз мәртебесін растай алмады. Қазақстандық теннисші екінші сетте жеңіске жеткенімен, шешуші партияда бірнеше маңызды қателік жіберіп, қарсыласына жеңісті сыйлап қойды.

Майами турнирі 19-29 наурыз аралығында өтеді, ал оның жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды. Чемпион 1 124 380 доллар мен 1 000 рейтингтік ұпай иеленеді. Өткен жылы бұл титулды америкалық Даниэль Коллинз жеңіп алған болатын.

2025 жыл әзірге Рыбакина үшін сәтсіз басталды. Қазақстандық теннисші әлі бірде-бір трофей жеңген жоқ, керісінше, жаттықтырушылармен болған жанжалдармен жиі көзге түсуде. Стефано Вуков пен Горан Иванишевичпен арадағы келіспеушіліктерден кейін ол қазір италиялық маман Давиде Сангвинеттимен жұмыс істеп жатыр.