Танымал қазақстандық ММА жауынгері, сондай-ақ сериалдар мен кино актері Еркебұлан Тоқтар (10-3) Өзбекстаннан келген өзінің принципті қарсыласы Одилхон Камоловпен (6-4) күтпеген жерден туындаған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Ulyssport Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Тоқтардың пікірінше, оның қарсыласы олардың Алматыдағы OCTAGON лигасының конференциясындағы қақтығысын асыра сілтеп, ұлтаралық алауыздықты өршітуге тырысуда.
Естеріңізге сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов торда бір-бірімен екі рет кездескен және қазіргі уақытта жеке кездесулер бойынша 1:1.
Айта кетейік, 19 сәуірде Алматыда OCTAGON 71 турнирі өтеді, онда ең жеңіл салмақ дәрежесінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Аян Тұрсын (7-0) қырғызстандық Фарида Абдуевамен (4-1) кездеседі.