Сенат спорт туралы заңды мақұлдады

Редакция Ulyssport

Қазақстанда легионерлерді мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым енгізіліп жатыр. Заңға енгізілген түзетулерді сенат мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

Сенат "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға енгізілген түзетулерді қабылдады. Жаңа нормалар бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталған, әсіресе басым спорт түрлерін дамытуға басымдық беріледі. Бұл саладағы саясат Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада, Азия және Пара Азия ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған, деп мәлімдеді Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай.

Негізгі өзгерістер:

  • Ұлттық спорт федерацияларына өңірлік федерацияларға қарағанда басымдық беріледі;

  • Кәсіби клубтарды ұстауға шектеулер енгізіліп, қаражат бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортына бағытталады;

  • Жергілікті билік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтердің бағасын реттей алады;

  • Спорттық медицина мен спортшыларды даярлау стандарттарын дамыту шаралары күшейтіледі;

  • Спорт саласындағы мемлекеттік ұйым басшыларына ротация институты енгізіледі;

  • Шетелдік спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады.

Еске сала кетсек, бұл заң жобасын жақында Мәжіліс мақұлдаған болатын. Түзетулердің толық мазмұны бұған дейін жарияланған еді.