Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров әлем чемпионатында үшінші орын алды

Дастан Кенжалин

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров АҚШ-тағы әлем чемпионатының қысқа бағдарламасында үшінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Төрт құрлық чемпионатының жеңімпазы өз бағдарламасы үшін 94,77 ұпай жинап, аралық үшінші орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаны бірінші болып америкалық Илья Малинин (110,41 ұпай) аяқтады.

Екінші орынға жапониялық Юма Кагияма (107,09 ұпай) жайғасты.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді.