Теннисші Дмитрий Попко Мексикадағы турнирдің финалында жеңілді

Дастан Кенжалин

Қазақстандық Дмитрий Попко теннистен Мексикадағы Морелос турнирінде жеңіске қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Финалда Дмитрий швейцариялық Марк-Андреа Хуслерден айласын асыра алмады. Матч 4:6, 6:3, 4:6 есебімен аяқталды. Ойын екі сағатқа созылды.

Айта кету керек, бұған дейін Попко Морелиадағы (Мексика) турнирде жеңімпаз атанған болатын.