Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) Брисбенде өткен Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңінде ұлттық құраманың сапында Австралия командасына қарсы ойын көрсетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Рыбакина Кимберли Бирреллмен (61-орын) кездесті. Қазақстандық спортшы ойынды сәтсіз бастап, 1:3 есебімен ұтылып жатса да, жағдайды түзеіп, алғашқы сетте жеңіске жетті — 6:3. Екінші партияда Елена 1:5 есебімен артта қалды, бірақ керемет камбэк жасап, кездесуді жеңіспен аяқтады — 7:6 (7:4). Матч 1 сағат 28 минутқа созылды.
Осылайша, Қазақстан Австралиямен кездесуде өз басымдығын нығайтты. Бұған дейін Юлия Путинцева Майя Джойнтты сенімді жеңген болатын — 6:2, 6:1.
Айта кетейік, осы топта Колумбия да ойнайды. Үш құраманың мақсаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алу.