Тарихта екінші рет: Қазақстанның жас теннисшілері әлем чемпионатына жолдама алды

Редакция Ulyssport

14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы World Junior Tennis Competition турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

 

Қазақстан теннис федерациясы

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан Азия/Океания аймақтық іріктеу кезеңінің ширек финалында отандастарымыз Қытай Тайбэйін 2:1 есебімен жеңді.

Бастапқы матч нағыз марафонға айналды. Бексұлтан Бауыржанов төрт сағатқа созылған тартысты ойында Йен Ценгке 4:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен есе жіберді. Алайда екінші кездесуде Ахмади Маханов есепті теңестіріп, Хуан Цайды 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Кездесудің тағдырын жұптық ойын шешті. Маханов пен Хақназар Жеткербайдан дуэті үйлесімді ойын көрсетіп, Цай/Чан жұбын 6:3, 4:6, 10:6 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының осы жас санатында әлем біріншілігіне екінші мәрте шығып отыр.