World Junior Tennis Competition: Қазақстан құрамасы алғаш рет іріктеу кезеңінің финалына шықты

Редакция Ulyssport

14 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Азия/Океания аймағы бойынша World Junior Tennis Competition турнирінің іріктеу кезеңі финалына алғаш рет шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

Малайзияның Кучинг қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалында Сагадат Аяп жаттықтыратын құрама Гонконг командасын 2:1 есебімен жеңді.

Финал 14 сәуірде өтеді.

Қарсылас — топтық кезеңде 1:2 есебімен жол берген Жапония құрамасы.