Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық Николь Фосса Уэргомен жұптасып, Мадридте өткен W100 санатындағы турнирдің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
Финалда қазақстандық-италиялық дуэт испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді.
Алғашқы сетте испаниялықтар 7:6 (9:7) есебімен басым түссе, екінші сетте Жібек пен Николь 7:6 (7:4) есебімен есе қайтарды. Кездесудің тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 есебімен тізе бүктірді.
Бұл – Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы.