Бублик Мадридтегі турнирде былтырғы чемпионды жарыстан шығарды

Редакция Ulyssport

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан "Мастерс" турнирінің үшінші кезеңінде ресейлік Андрей Рублевті жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

Үшінші кезеңде жарыстың қазіргі чемпионы Рублев Бубликке 4:6, 6:0, 4:6 есебімен жол берді. Екінші сетте қазақстандық теннисші бірде-бір гейм ұта алмағанымен, шешуші партияда жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 22 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рублев 12 рет эйс жасап, екі қос қателік жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Бубликтің еншісінде 10 эйс, алты қос қателік бар және алты брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Осылайша, қазақстандық теннисші Испания астанасындағы турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. 

Оның келесі айналымдағы қарсыласы сәл кейінірек белгілі болады.