Елеусінов шаршы алаңға қашан шығады

Редакция Ulyssport

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы және IBF Inter-Continental титулының иегері Данияр Елеусінов алдағы жоспарлары жайлы айтты, деп хабарлайды Ulyssport.

Ашық дереккөзден

ЖАҢА ЛИГАДАҒЫ ДЕБЮТҚА ДАЙЫНДЫҚ

Қазір қазақстандық боксшы Нью-Йоркте жаттығу лагерінде дайындық жүргізіп жатыр. Ол жаңа бокстық промоушендегі алғашқы жекпе-жегіне дайындалуда.

"АМЕРИКАНЫ ЖЕҢІП АЛҒЫМ КЕЛЕДІ"

“Алдағы 2-3 жылдағы жоспарларым айқын. Қазіргі басты мақсатым – өзім қалаған жетістікке жету. Мен жаңа лигадамын және ең жоғары нәтижеге қол жеткізуді көздеймін. Matchroom Boxing-пен келісімшартқа отырғанда-ақ Америкада үлкен жетістікке жетуді мақсат еттім. Қазір маған екінші мүмкіндік беріліп отыр – оны жіберіп алмауым керек”, – деді Елеусінов.

ЖАҢА ЛИГА ТУРАЛЫ ҚЫСҚАША АҚПАРАТ

Бұған дейін Елеусінов UFC президенті Дана Уайт және Сауд Арабиясының инвесторы Турки Аль аш-Шейх негізін қалаған жаңа лигаға келісімшарт жасасқан еді. Бұл лига қазіргі заманғы бокстың басты тұлғаларының бірі ретінде танылып отыр.

СОҢҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Данияр Елеусінов соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде шаршы алаңға шыққан. Ол филиппиндік боксшы Джо Нойнайды бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп, сенімді нәтиже көрсеткен болатын.