Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте (Испания) өтіп жатқан "Мастерс" сериясындағы турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Ulyssport.
1/8 финалда қазақстандық спортшы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.
Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Меншик 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Бублик аталмыш турнирдің үшінші айналымында әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңген болатын.