Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Римде өтіп жатқан Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Шевченконың "Мастерс" турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.