Қазақстандық екі дзюдошы Grand Slam турнирінде күміс медаль жеңіп алды

Редакция Ulyssport

Талғат Орынбасар мен Ғұсман Қырғызбаев Астанадағы Grand Slam турнирінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНДАҒЫ ҮШІНШІ МЕДАЛЬ

Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медальді салды.

Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді.

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВТЫҢ ОЛИМПИАДАДАН КЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ ТУРНИРІ

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ғұсман Қырғызбаев та күміс жүлдегер атанды.

Отандасымыз 2024 жылғы Олимпиадада қола медаль жеңіп алғаннан кейін алғаш рет халықаралық турнирде өнер көрсетті.

Ғұсман Қырғызбаев бұл жарыстың финалына дейін жетіп, ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді. Осылайша екінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алған еді.