Елена Рыбакина Римдегі турнирді жеңіспен бастады

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

Рыбакина турнирдің екінші айналымында, яғни өзінің алғашқы матчында WTA рейтингінде 63-орында тұрған неміс теннисшісі Ева Листі 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 25 минутқа созылды.

Алғашқы сет оңайға соқпады: қарсыластар бір деңгейде ойнап, партия тағдыры тай-брейкте шешілді. Рыбакина бұл кезеңде барынша қарқын қосып, сетті мінсіз аяқтады.

Екінші сетте қазақстандық теннисші бастан-ақ басымдықты өз қолына алып, матчты сенімді жеңіспен аяқтады.

Үшінші айналымда Елена канадалық Бьянка Андреескумен ойнайды. Бұл матч ертеңге жоспарланған.