Теннисші Юлия Путинцева Италиядағы турнирдің ширек финалына шығу үшін бақ сынайды

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Путинцева Италияның Парма қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бірінші айналымда ол жапониялық Эна Шибахарамен кездесті.

Кездесу үш сетке созылды. Путинцева матчта 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Юлияның 1/8 финалдағы қарсыласы кейінірек белгілі болады.