Жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Дастан Кенжалин

Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекордты жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.

Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд.

Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.