Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Курумеде (Жапония) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.
Дияс Қытай өкілі Мэйлин Ваннан басым түсті. Ойын үш сетке созылды.
Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 16 минутқа созылды.
Финалда Зарина Дияс жапониялық Аяно Шимицумен шеберлік байқасады.