Анна Данилина Парижде екі сында бақ сынайды

Ерик Ильясов
Manuela Davies

Қазақстандық теннисші Анна Данилина 2025 жылғы «Ролан Гаррос» турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Сербиялық Александра Круничпен бірге бірінші айналымда Магда Линетт (Польша) / Бернарда Пера (АҚШ) жұбын тартысты кездесуде тізе бүктірді. Есеп 6:7, 6:1, 6:4.

Матч 2 сағат 27 минутқа созылды. Алғашқы сетте тай-брейкте жеңіліп қалғаннан кейін, Данилина мен Крунич ойынның тізгінін өз қолдарына алып, екінші сетте сенімді жеңді. Шешуші үшінші сетте қарсыластарына мүмкіндік бермеді.

Екінші айналымда Данилина мен Крунич Синью Янь (Қытай) / У Фансянь (Тайвань) — Мария Осорио (Колумбия) / Алисия Паркс (АҚШ) жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.

Айта кететін жәйт, жерлесіміз Анна Данилина турнирде араласас жұптық сында да бақ сынайтын болды.