1-7 маусым аралығында теннистен жасөспірімдер арасында өтетін Ролан Гаррос турниріне арналған өтінімдер қабылдау тізімі жарияланды, деп хабарлайды ulyssport.kz
Жарыстың негізгі кезеңіне екі қазақстандық спортшы: Әмір Омарханов (17 жас) пен Заңғар Нұрланұлы (16 жас) қатысады. Ал іріктеу кезеңінде Дамир Жалғасбай (17 жас) өнер көрсетеді.
ITF жасөспірім теннисшіліер рейтингіде Омарханов оныншы, Нұрланұлы қырық бесінші, ал Жалғасбай алпыс екінші орында тұр.
Іріктеу кезеңі мамырдың 29-ы басталады.