Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде (Франция) өтіп жатқан "Ролан Гаррос" додасының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің бесінші ракеткасы, Ұлыбритания өкілі Джек Дрейперді жеңді.
Ойын төрт сетке созылды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан 5:7, 6:3, 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.