Өзбек боксшылары Астанадағы Әлем кубогына қатыспауы мүмкін

Дастан Кенжалин

Өзбек боксшылары Астанадағы Әлем кубогына қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Ulyssport.

pixabay.com

Бұл жайында спорт журналисі Аян Төлеген жазды.

Бұған дейін Өзбекстан құрамасы жарысқа қатысатын боксшылар тізімін жариялаған еді. Алайда кейіннен олардың турнирге қатыспауы мүмкін екені хабарланды.

Айта кетсек, World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогының екінші кезеңі Астанада өтеді. Ал алғашқы кезең Польшада өткен болатын, бірақ онда рейтингтік ұпайлар берілмеген.

Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтетін бұл жарыста боксшыларға рейтингтік ұпайлар тағайындалады.