Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

Редакция Ulyssport

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол ат снарядындағы жаттығулар бойынша ең үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Курбанов төрешілердің шешімімен 14.933 ұпай жинап, бірінші орынды иеленді. Екінші орынға Оңтүстік Корея өкілі Вун Хур (14.633 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды вьетнамдық Дан Нгок Тхен (14.233 ұпай) еншіледі.

Ілияс Әзізов 13.933 ұпай жинап, бесінші орынға тұрақтады.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық гимнаст Милад Карими Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді.