Теннисші Анна Данилина Лондонда өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Лондон қаласында өткен ірі турнирде жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Финалда Данилина мен ресейлік Диана Шнайдер америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен кездесіп, жеңіліс тапты.

Төртінші нөмірмен тіркелген Мухаммад пен Схурс жұбы 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен жеңіске жетті. Ал Шнайдер мен Данилина екінші нөмірмен тіркелген болатын.

Матч 1 сағат 44 минутқа созылды. Айта кетейік, Анна мен Диана бұл турнирде алғаш рет жұп болып өнер көрсетті.

Сонымен қатар Данилина WTA жұптық рейтингінде 9-орында тұр.