Қазақстандық теннисші Palma Del Rio W50+H турнирінің 1/16 финалында португалиялық Матильде Жоржені 2:0 (6:3, 6:1) есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulyssport.
1/8 финалда чехиялық Тереза Мартинцоваға қарсы ойнайды.
Бұл жарыстың жалпы жүлде қоры 40 мың доллар.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Зарина Испаниядағы Villa De Tauste Open W35 турнирінде топ жарған болатын.