Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Анна Данилина чехиялық Мария Боузковамен жұптасып, Истборн қаласында (Ұлыбритания) өткен WTA 250 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.
Финалда Данилина мен Боузкова тайваньдық Се Шувэй мен аустралиялық Майя Джойнтты 6:4, 7:5 есебімен ұтты.
Анна Данилинаның жұптық сындағы жалпы WTA турнирлерінде 13 жеңісі бар. Оның ішінде: бір WTA 1000, екі WTA 500, жеті WTA 250 және үш WTA 125 титулы. 2023 жылы Данилина финн теннисшісі Харри Хелиеваарамен бірге US Open турнирінде микс разрядында жеңіске жетті.