Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF турнирінің финалында ойнайды

Редакция Ulyssport

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербияда өтіп жатқан ITF сериясындағы жекелей сайыс турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құламбаева ITF туы астында өтіп жатқан W15 санатындағы турнирдің финалына жолдама алды. Турнир Сербияның Куршумлия-Баня қаласында өтіп жатыр. WTA рейтингінде 306-орында тұрған және бұл турнирде алғашқы ракеткасы ретінде тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда ресейлік Милана Жабраиловамен кездесіп, жеңіске жетті. Жабраилова — турнирдің төртінші нөмірлі қатысушысы және әлемдік рейтингте 695-орында тұр.

Қазақстандық теннисші бұл матчта 7:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Финалда Жібек Құламбаева корт иесі — сербиялық Драганья Вуковичпен кездеседі. Вукович әлемдік рейтингте 751-орында тұр. 

Айта кетейік, бұған дейін Құламбаева мен Вукович бірде-бір рет кездескен емес. Егер Жібек жеңіске жетсе, бұл оның ITF жекелей сайыстарындағы алтыншы титулы болмақ.