11 шілдеде Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
Жүзуден Қазақстан атынан әлем біріншілігіне алты спортшы қатысады. Төменде жарысқа баратын отандастарымыздың тізімі көрсетілген:
- Әділбек Мусин (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
- Ксения Игнатова (100 метрге арқамен жүзу)
- Аделаида Пчелинцева (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
- Софья Сподаренко (50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу)
- Арсен Қожахметов (50 метрге брасс әдісімен жүзу)
- Глеб Коваленя (50 метрге арқамен жүзу)
Айта кетейік, жүзуден сайыстар 27 шілдеде басталады.