Александр Бублик Австриядағы турнирдің жартылай финалына өтті

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Австрияның Кицбюэль қаласында өтіп жатқан ATP-250 санатындағы топырақты корттағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ширек финалдағы ойында, жаңбыр салдарынан бірнеше рет үзіліс болғанына қарамастан, Бублик өзінің командаласы Александр Шевченконы 6:4, 6:2 есебімен жеңді.

Кицбюэльдегі келесі қарсыласы – Нидерланд өкілі Ботик ван де Зандсхюлп.