Астанадағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығының кортында Президент кубогы жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.
Жұптық сайыста Заңғар Нұрланұлы словакиялық теннисші Михал Крайчимен бірге өнер көрсетіп, Challenger санатындағы турнирдегі өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірінші айналымда олар поляк-үндістандық жұп - Олаф Печковски мен Сингх Каранді 6:4, 6:1 есебімен жеңіп шықты.
Ширек финалда Заңғар мен Михал турнирдің үшінші нөмірлі жұбы - жапониялық Таисей Ишикава мен Кокоро Исомурамен өзара мықтыны анықтайды.
Сондай-ақ, ширек финалға Григорий Ломакин мен оның аустралиялық жұбы Эдвард Уинтер де жолдама алды.