17 жастағы қазақстандық теннисші ересектер арасындағы алғашқы турнирде жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

17 жастағы қазақстандық теннисші Дәмир Жалғасбай өз мансабында маңызды жетістікке қол жеткізді — ол ITF кәсіби ерлер турындағы алғашқы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Латвиялық Артурс Загарспен жұптасып өнер көрсеткен Дәмир Испанияда өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда Жалғасбай/Загарс дуэті швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франконы сенімді түрде ұтты — 6:2, 6:1.

Бұл жеңіс — жас теннисшінің ересектер арасындағы кәсіби деңгейдегі алғашқы табысы.

Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.