Сергей Емельянов байдарка және каное есуден әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Дастан Кенжалин

Байдарка және каное есуден Қазақстан құрамасының өкілі Сергей Емельянов Италияның Милан қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Спортшы каное-жалғыз бағдарламасында 200 метр қашықтыққа ескек есуден жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, үшінші болып мәре сызығын кесті.

Осының арқасында ол А финалына шықты. Шешуші жарыс 22 тамызда өтеді.