Қазақстан байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионатында үздік ондықтың қатарында

Дастан Кенжалин

Италияның Милан қаласында байдарка мен каноеде есуден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жүлдеге іліге алған жоқ.

Команда сапындағы ең үздік нәтижені Сергей Емельянов көрсетті. Ол 200 метр қашықтықта каноемен есуден жекелей сайыста А финалына дейін жетті.

Нәтижесінде спортшы алтыншы орынға тұрақтады. Сондай-ақ Стелла Суханованы да атап өткен жөн – ол 1000 метрлік қашықтықта (байдаркамен есуден жекелей сайыс) В финалында жеңіске жетті.