Бокстан әлем чемпионаты: Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Редакция Ulyssport

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.

Отандасымыз алғашқы кездесуінде Донета Садикумен (Косово) өзара мықтыны анықтады. 

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева үшінші раундта басымдық танытып, төрешілердің шешімі бойынша 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Еске салайық, бұған дейін боксшы Төрехан Сабырхан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастаған еді.