Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) алғашқы кезеңде Джунмилардо Огаиремен (Филиппин) қолғап түйістірді.
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастағанын хабарлаған едік.