Теннисші Аружан Сағандықова Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

20 жастағы қазақстандық теннисші Аружан Сағандықова Қытайда өткен ITF W15 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

ҚТФ

Финалда Аружан ресейлік Мария Калякинаны ұтты.

Шешуші кездесу 6:4, 6:3 есебімен аяқталды.

Қазақстандық спортшы ITF аясындағы екінші жүлдесін иеленді. Алғашқысын 2023 жылы Тунистe жеңіп алған болатын.