Бублик Дэвис кубогында жарысты жалғастыра алмады

Редакция Ulyssport

Қазақстанның бірінші ракеткасы жарақатына байланысты қалған ойындарға қатыспады, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан теннис федерациясы

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Александр Бублик жарысқа қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.

Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының  Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында екінші ойында Александр Бублик Квон Су Вонмен кездесті. 7:6, 3:0 есебімен кореялық спортшы жеңіп жатқан сәтте бәсеке жаңбырға байланысты кейінге қалдырылды.

Кездесудің басында жамбасынан жарақат алған Александр ойынды екінші сетте рефери жаңбырға байланысты матчты тоқтатқанға дейін жалғастырды. Ауруды басатын дәрі-дәрмекке, медиктер мен массажшылардың күш салуына қарамастан, құрама көшбасшысы қалпына келе алмады. 

Бапкерлік штаб федерация басшылығымен бірге келесі матчтарда құрамға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Ұлттық құрама міндеті күрделене түсті, өйткені Бублик жақсы бабында еді, команда ол екі ұпай алады деп үміттенген еді.

Ал Александр Шевченко мен Тимофей Скатов корейлік Юн Сун Пак – Джи Сун Нам дуэтіне екі сетте 2:6, 3:6 есебімен ұтылды. Осылайша, жалпы есеп корейліктер 2:1 есебімен алға шықты.