Қазақстан құрамасы теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалын сәтсіз бастады

Дастан Кенжалин

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалдық матчында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева шығып, әлемнің 18-ракеткасы Эмма Наварромен өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы матчта америкалық теннисші 7:5, 2:6, 6:7 (6:8) есебімен жеңіске жетті.

Келесі кездесуде Елена Рыбакина әлемнің жетінші ракеткасы Джессика Пегуламен шеберлік байқасады.