Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.