Теннисші Александр Бублик Қытайдағы турнирдің финалына өтті

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан ATP 250 турнирінде жүлде үшін сынға түседі, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жартылай финалда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы қытайлық Ибин Уден басым түсіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші ойында қазақстандық спортшы франциялық Валантен Руайемен өзара мықтыны анықтайды.