Александр Бублик теннистен Қытайдағы турнирде жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Финалда Бублик Франция атынан сынға түскен Валентен Руайемен кездесті.

Матч екі сетке созылып, қазақстандық теннисші 7:6, 7:6 есебімен басым түсті.

Бұл - Бубликтің биылғы маусымдағы бесінші трофейі.