Данил Васильев шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен шаңғымен трамплиннен секіруден FIS Кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол өз өнері үшін 229,6 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.

Жеңімпаз атанған Аустрия спортшысы Юлиан Шмид 229,8 ұпайға қол жеткізді.

Ал словениялық Рок Облак та 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.

Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Әділет Алмат Қытайдағы Гран-при турнирінде қола медаль үшін күресетінін жазған едік.