Қазақстан құрамасының теннисшісі Юлия Путинцева Қытайдың Сучжоу қаласында өтіп жатқан ірі турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық спортшы алғашқы айналымда франциялық Диан Парримен кездесті. Нәтижесінде Путинцева 6:1, 6:7, 6:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Келесі айналымда ол украиналық Юлия Стародубцева мен венгриялық Далма Галфи арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.