Қазақстандық жүзушілер Үндістандағы Азия чемпионатында тағы екі медальға ие болды

Дастан Кенжалин

Ахмедабадта (Үндістан) су спорты түрлерінен Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілдері жүзуден тағы екі медальға қол жеткізді.

Глеб Коваленя 50 метрге еркін стильде жүзуде екінші болып мәре сызығын кесті.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, алғашқы күні қазақстандық спортшылар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған еді.