Қазақстандық жүзушілер Үндістандағы Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасы жүзуден Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Софья Сподаренко және София Әбубәкірова 4х100 метрге еркін стильде жүзуден аралас эстафетада үшінші орынға ие болды.

Олар 3:35.36 нәтижесімен мәре сызығын кесіп, Қазақстан рекордын жаңартты.