Қазақстандық жүзушілер Азия чемпионатын 10 медальмен аяқтады

Дастан Кенжалин

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатында жүзу сайыстары аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды.

Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.

Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй), София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс), София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).

Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4х100 метр еркін стиль эстафетасы).