Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен турнирде жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жарыс барысында қазақстандық спортшы бірінші нөмірмен бақ сынады. Финалда отандасымыз оңтүстіккореялық Мин Хук Чоннан 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде басым түсті. Турнир бойы Заңғар қарсыластарына бір де бір сетте жол берген жоқ.

Нұрланұлы жекелей сайыста осымен алтыншы рет ITF Juniors турнирлерінде жеңімпаз атанып отыр.