Теннисші Заңғар Нұрланұлы Оңтүстік Кореяда өткен турнирде жеңіске жетті

Дастан Кенжалин

Оңтүстік Кореяның Вонджу қаласында теннистен жасөспірімдер арасындағы ITF Juniors сериясының беделді J300 санатындағы турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Финалда 18 жасқа дейінгі Қазақстанның бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлы әлемдік жасөспірімдер рейтингінде 41-орында тұрған Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченмен кездесті.

Отандасымыз сенімді түрде жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 6:2, 6:1.

Бұл атақ Нұрланұлы үшін хард төсенішіндегі қатарынан екінші жеңіс болды. Өткен аптада ол Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде топ жарған еді.